Deprecated: Function eregi_replace() is deprecated in /var/www/vhosts/ask-technik.kz/httpdocs/incom/modules/general/api.php on line 180

Deprecated: Function eregi_replace() is deprecated in /var/www/vhosts/ask-technik.kz/httpdocs/incom/modules/general/api.php on line 181
Жүгері

Басты бет / Catalog / Тұқымдар / Жүгері /

Жүгері

Бет 1   1

PR39В29

Ерте пісетін гибрид (ФАО 170), дән және сүрлем алу үшін өсіріледі. Өсімдіктің бастапқы даму кезеңінде тез өсу қасиеті гибридті республиканың ең солтүстігіндегі аймақтарында өсіруге қолайлылық тудырады. Кремнийлі тіс тәріздес дәні, құрамында крахмалдың молдығы гибридті жармаға, ұнға және қоректік мақсаттарға қолдануға мүмкіндік береді. Сүрлемнің ерте пісуімен және жақсы сапасымен ерекшеленеді.

толығырақ
PR39G12

Ерте пісетін гибрид (ФАО 200), дән алуға немесе сүрлем алуға да қолданылады. Мол өнімділігімен және дәнінің жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Дәні жарма, ұн дайындауға, сондай-ақ түрлі топтағы жануарлар үшін қоректік мақсатта пайдалануға жарамды. Гибридтің пісіп жетілу кезеңінде дәнінің ылғалды тез беру қасиеті оны республиканың солтүстік аймақтарында кеңінен өсіруіне мүмкіндік береді.

толығырақ
PR31G98

Орташа кеш пісетін, мол түсімді жаңа гибрид (ФАО 700). Бұл гибридтің өзіне тән қасиеттері егіннің пісіп жетілу мерзімі ұзағырақ болып келетін республиканың оңтүстік аймақтарында толығынан білінеді. Өсімдіктің биіктігі өте жоғары – 250–270 см. Дәндері жақсы шығады, құрамы крахмал мен протеинге бай. Жапырыла өсуге, негізгі ауруларға, құрғақшылыққа төзімді. Біркелкі пісіп жетіледі, дәндері ылғалды болып келеді.

толығырақ
PR31Y43

Орташа кеш пісетін гибрид (ФАО 700), мол өнімділігімен, дәнінің жоғары сапалылығымен ерекшеленеді, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бұл дақылдың тауарлы түрін өндіруде кеңінен қолданылатын гибрид. Өсімдіктің биіктігі жоғары – 240–250 см-ге дейін. Құрғақ климатқа, жапырыла өсуге және негізгі ауруларға төзімді. Біркелкі пісіп жетілуі, егінді жинар алды кезеңінде дәнінің ылғалды мол беруі егінді тек бір мезгілде ...

толығырақ
PR35P12

Орта кезеңде пісетін, екі рет қолданылатын, республиканың оңтүстік облыстарының көбіне солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында өсіруге арналған гибрид (ФАО 530). Өсімдіктің бастапқы даму кезеңінде қарқынды өсу қасиеті топырақтың ең қысқа мерзімдегі негізгі және егіс алды дайындығымен-ақ гибридті өте ерте кезеңде егуге мүмкіндік береді. Гибрид егістіктің кейбір жерлерде тығыз немесе сирек өсуіне бейімделген ...

толығырақ
Цецилия

Орташа кезеңде пісетін (ФАО 570), ерте кезеңде өте жақсы өсетін гибрид. Дән және сүрлем алу мақсатында өсіріледі. Оңтүстік облыстардың көптеген жүгері өндірушілерінің жоғары бағасына ие болған – әр түрлі топырақтық-климаттық жағдайларға тез бейімделеді. Құрғақшылыққа төзімді және салыстырмалы түрде тұздылыққа төзімді, негізгі ауруларға, әсіресе, шаңды қаракүйеге төтеп беретін қасиетке ие.

толығырақ
PR31N27

Кеш пісетін мол өнімді сұрып (ФАО 700), оңтүстік аймақтарда мол егін түсімін береді. Гибрид өсімдігі аласа өседі, собығы төмен орнығады, тамыр жүйесі жақсы дамыған, сол себепті жапырыла өсуге төзімді келеді. Сабағы мен собығының гельминтоспориозына, фузариозына төзімділігі жоғары. Өсімдікті өсірудің гибридтік технологиясын қатаң сақтаған жағдайда мол егін түсімін қамтамасыз етеді.

толығырақ
Бет 1   1